Өзбекстан футбол құрамасының бас бапкерін өмір бойына қызметтен шеттетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан футбол құрамасының бас бапкерін өмір бойына қызметтен шеттетті

Өзбекстан футбол құрамасының бас бапкерін өмір бойына қызметтен шеттетті

Бабаян "Пахтакорда" жұмыс істеп жүргенде футболшылардың келісімшартына заңсыз өзгерістер енгізген және ел құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін тиісті деңгейде атқара алмаған.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан футбол федерациясының атқарушы комитеті футболдан Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Самвел Бабаянды футболға қатысты кез келген қызметтен өмір бойына шеттетті, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Өзбекстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бабаян "Пахтакорда" жұмыс істеп жүрген кезінде футболшылардың келісімшартына заңсыз өзгерістер енгізген. Жатықтырушы клубқа жаңа басшылық келетінін біліп, ойыншылармен жасалған келісімшарттың мерзімін 2018 жылдан 2017 жылға өзгерткен. Мұны ойыншыларды шетелдік клубтарға еркін агент мәртебесінде (келісімшарт мерзімі аяқталған, басқа командамен келісімшарт жасауға құқылы) сату үшін жасаған. 

Бабаян сондай-ақ ел құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінде, федерация басшылығының пікірінше, жұмыс істей алмаған. Ойыншылармен бір жақты қарым-қатынас жасау команданың іші қарым-қатынасына ықпал еткен. Бабаян ойыншыларды таңдау кезінде таныс футболшыларына сенім артқан, сондай-ақ тәжірибелі жаттықтырушылар мен сарапшылардың пікірін елемеген.  


2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары кезінде бапкер командадағы тәртіпті сақтамаған және футболшылардың физикалық дайындығына баса мән бермеген. Бабаянның бұл әрекеті Өзбекстан ұлттық құрамасының нәтижелеріне теріс әсер етіп, жолдамадан қағылған.   

 

Соңғы жаңалықтар