Өзбекстан ірі АЭС салу жобасына талдау жасап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 518.53
  • 588.17
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан ірі АЭС салу жобасына талдау жасап жатыр

Өзбекстан ірі АЭС салу жобасына талдау жасап жатыр

Өзбекстан ірі АЭС салу мүмкіндігін зерделеп жатыр

  • 18 Сәуiр
  • 6
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Биыл наурызда елдегі атом энергетикасын дамыту туралы кеңес өтті. Онда президент Шавкат Мирзиёев Uzatom агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаевқа ірі АЭС салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта біз жобаны зерделеп жатырмыз. Яғни, нысанның техникалық және экономикалық аспектілеріне талдау жасалуда. АЭС-тің моделі және қаржыландыру көздері мәселесі пысықталады. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді, — деп жауап қатты Отабек Аманов Kazinform тілшісінің сауалына.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан билігі ірі АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған едік.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ресми Ташкент аз қуатты АЭС салуға кірісті. Әрқайсысының қуаты 55 МВт болатын 6 реактор (жалпы қуаты – 330 МВт) Джизак облысындағы Тузкан көлінде бой көтереді. АЭС-тің алғашқы реакторы 2029 жылдың соңында іске қосылмақ. Ал ол толық қуатта 2033 жылдан бастап жұмыс істейді деп жоспарланған.