Биыл қаңтарда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 300 млн доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.
Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, қаңтарда елдің сыртқы сауда айналымы $4,5 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 7,1%-ға өсті.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 994 млн доллардан (жалпы көлемнің 22,1%) асты.
Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 17,7% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 799,1 млн доллар болды.
Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 313,5 млн доллар (6,5%). Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 млн долларға көп.
Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 72,9 млн доллардың тауарын экспорттап, 240,6 млн доллардан астам сомаға тауар импорттаған.