И.Кәрімов келіссөздер барысында бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. «Біздің офицерлеріміз мен әскерлеріміз өзара тәжірибе алмасуы үшін бірлескен штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге неге болмасын»,- деді ол.
» Әскери құрылыста, әскери-техникалық ынтымақтастықта Қазақстаннан біз үйренетін басымдықтар бар. Сол секілді Өзбександа да әскери құрылыс пен әскери реформалар ішінде үлкен жетістіктер жетерлік. Біз сол нәтижелерді қазақстандықтармен бөлісуге дайынбыз», деді И. Кәрімов. Ол Қазақстан мен Өзбекстанның қашан бірлескен әскери-жаттығулар өткізгені есінде жоқ екенін айтты. Соған орай бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, болашақта екі елдің әскери ынтымақтастығына үлкен серпін беретін, сарбаздар мен офицерлердің бір-бірін жақынырақ білуіне жағдай туғызатын бірлескен ауқымды әскери жаттығу өткізуді ұсынамын, — деді ол.
И.Кәрімовтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер барысында тараптар сонымен бірге «БҰҰ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты нығайтуға келісті». «Біз тек экономика ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте әскери-техника саласында бірлесіп, мүмкіндіктерімізді біріктірген жағдайда ғана аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын үлкен күшке ие боламыз»,- деді И.Кәрімов.
«Егер біз ойға алған мақсаттарымызды жүзеге асыра алсақ, онда ол Орталық Азия аймағындағы тұрақтылыққа әсер етеді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті