Өзбекстан президенті Әндіжанға ұшып барды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті Әндіжанға ұшып барды

Өзбекстан президенті Әндіжанға ұшып барды

Бүгін, 13-мамырда Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Әндіжанға ұшып барды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Мамыр 2005
  • 313
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан мемлекет басшысы Әндіжандағы мемлекеттік мекемелерді басып алған адамдармен келіссөздер жүргізетін өкілдерді басқарады деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-мамырға қараған түні Әндіжанда бейберекет бүліншілік шығып, қарулы адамдар түрмені басып алып, 2 — 4 мың қылмыскерді босатып жіберген. Сонымен бірге қазір интернет-агенттіктер Әндіжанда қалалық әкімшілік те басып алынды, жергілікті театр мен кинотеатр өртенді деген хабарламалар таратуда. 500 әскер борыш өтеп жатқан қаладағы әскери гарнизонға шабуыл жасалды деген ақпар бар.
Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, 11-мамырда Әндіжандағы соттың алдына 5 мыңдай адам жиналып, 2004-жылғы жазда конституцияға қарсы іс-әрекеттері мен экстремистік ұйымдарға мүше болғаны үшін қамауға алынған 23 адамды босатуды талап еткен. Қалада тәртіпсіздіктің орын алуына қамаудағылардың туыс-туғандары түрткі болды деген жорамал бар.

Перейти к новостям спорта