Өзбекстан Шардарадан Арнасайға қабылдайтын су көлемін қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Шардарадан Арнасайға қабылдайтын су көлемін қысқартты

Өзбекстан Шардарадан Арнасайға қабылдайтын су көлемін қысқартты

Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына жіберілетін су көлемін реттейтін бір бөгеттің су ағызатын құбырындағы апатқа байланысты Өзбекстан Арнасайдың Шардарадан қабылдайтын су көлемін қысқартты. Бұл туралы бүгін, 3-наурызда KZ-today тілшісіне "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК-ның оперативтік бөлімінің бастығы Болат Әбілов хабарлады.

  • 3 Наурыз 2005
  • 506
Фото - Caravan.kz

Б.Әбіловтың айтуынша, 2-наурызда Өзбекстан аумағында суды реттеуші екі бөгеттің бірін су алып кеткен. Осыған байланысты Өзбекстандық мамандар екі бөгеттегі су ағызатын құбырларды уақытша жабуға шешім қабылдады. Қазір бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарынан кейін су ағызатын құбырлар қайтадан ашылады.

«Оңтүстік су шаруашылығы» РМК-ның ақпаратына сәйкес, 3-наурыздағы жағдаймен Шардарадағы су көлемі 5,059 млрд. текше метр, Шардараға келіп жатқан су көлемі 1,478 текше метр/сек, ал Сырдария арнасына 800 текше метр/сек, Қызылқұм каналына — 120 текше метр/сек, Арнасайға 565- 474 текше метр/сек су жіберілуде.
Ал Қызылордадағы KZ-today тілшісінің хабарлауынша, Қызылорда облыстық әкімшілігі қауіпті аумақтарда орналасқан саяжай тұрғындарына қауіпсіз жерлерге шұғыл көшуге кеңес берді. Саяжайдан басқа баспанасы жоқ тұрғындар оқу орындарының жатақханасына көшіріледі. Облыстың Сырдария, Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандарындағы жағалауда орналасқан 30 ауылдың тұрғындарына көшуге дайын отыру туралы ескерту берілді.

Перейти к новостям спорта