Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алып, Ала-Бука ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар есін жимастан қаза болған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бука бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды", — деді Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері.