Нақтырақ айтсақ, Өзбекстанның астанасына кіреберісте «Нексия» автокөлігі тоқтатылып, оның ішінен есірткі заттарының ірі партиясы тәркіленді.
Жедел тексеріс нәтижесінде, тәркіленген есірткінің салмағы 10 келі болатын героин мен салмағы 6 келілік апиын шикізаты екендігі анықталды. Тауардың иелері қазақстандық екі азамат болып шықты. Олар есірткі заттарын Тәжікстаннан Оңтүстік Қазақстан облысына жеткізбек болыпты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды агенттік.