"Өзбекстан заңы шариат нормасына сай келмейді" деген азамат 5 жылға сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.13
  • 538.01
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзбекстан заңы шариат нормасына сай келмейді" деген азамат 5 жылға сотталып кетті

"Өзбекстан заңы шариат нормасына сай келмейді" деген азамат 5 жылға сотталып кетті

Ташкент соты ер адамды алты жыл бұрын жіберген дауыстық хабарламасы үшін бес жыл бір айға бас бостандығынан айырды.

  • 27 Қаңтар
  • 21
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Настоящее время» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстандық депутат Кушербаевтың мәліметінше, 2019 жылдың шілде айында С. Илиусинов Telegram желісінде екі танысына дауыстық хабарлама жіберіп, онда Өзбекстан заңдары шариғат нормаларына сәйкес келмейді және заң шығару палатасының депутаттары арасында мұсылман емес адамдар бар екенін айтқан.

Алты жылдан кейін ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Сот Илиусиновты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 244-1-бабының 3-бөлімі «г» тармағы бойынша (қоғамдық қауіпсіздікке және тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды дайындау, сақтау, тарату немесе көрсету) және 156-бабының 2-бөлігі бойынша (ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни араздықты қоздыру) кінәлі деп таныды.