Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеев айтты.

  • 27 Наурыз 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Медицина қаншалық дамыса да, мемлекет қанша қаражат бөлсе де, халық дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, карантин ережесін сақтамаса, пандемиямен күресіп жатқан азаматтардың барлық шарасы босқа кетеді", — деді президент.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті елдегі жағдайға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, үндеу жасамаған өңір басшыларын сынға алды.

"Жергілікті телеарналар, газеттер мен журналдарда жұмыс дұрыс деңгейде атқарылмай жатыр", — деді ол.


Осыған байланысты президент облыс, аудан және қала басшыларына күні-түні жұмыс істеу керегін айтып, коронавирустың алдын алу үшін жұмыстар жүргізілу керегін ескертті.

Соңғы жаңалықтар