Өзбекстанда 15 килограмм героин транзитіне жасалған әрекетке тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда 15 килограмм героин транзитіне жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Өзбекстанда 15 килограмм героин транзитіне жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 15 килограмм героин транзитіне жасалған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі CA-News агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұхара облысының Ромитан ауданы Чандыр патрульдік бекеті арқылы өтетін айналма жолда ұсталған «Нексия» көлігін тексерген кезде көліктің кузовынан газ баллонына жасырылған ірі көлемдегі есірткілік зат табылды. Сараптама нәтижесінде анықталғанындай, бұл 14 килограмм героин болып шықты. Көлікті Сурхандария облысының Сарыасий ауданының тұрғыны сенім куәлігімен айдап жүрген.

Тергеу барысында есірткінің оған Тәжікстаннан жеткізілгені, оған есірткіні тиісті жеріне жеткізіп бергені үшін 2 мың АҚШ долларын төлеуге уәде берілгені мәлім болды.

Тағы бір іс-шараның барысында ІІМ қылмыстық іздестіру жөніндегі бас басқармасының қызметкерлері Ташкент облысы Бекабад ауданының тұрғынын ұстады. Оның көлігінен 1 килограмм героин шықты. Тергеу барысында делдал ролін атқарушы Тәжікстандық әйел ұсталды. Деректер бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар