Өзбекстанда әкімдердің жалақысы атқарған жұмысына байланысты төленетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда әкімдердің жалақысы атқарған жұмысына байланысты төленетін болды

Өзбекстанда әкімдердің жалақысы атқарған жұмысына байланысты төленетін болды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев халықты жұмыспен қамту ісінде әкімдер мен олардың орынбасарларының жауапкершілігін арттыруды талап етті.

  • 17 Қаңтар 2017
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы centralasian.org порталы мәлімдеп отыр.

Өзбекстан президенті жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарын орындаған әкімдердің жалақысын 15 пайызға көбейтуді ұсынды. Ал, жоспарды орындамағандарының жалақысы 15 пайызға кемиді.

Осы жұмысқа жауапты әкім орынбасарларының жалақысы 20 пайызға көбейеді немесе кемиді.

Шавкат Мирзияев халықты жұмыспен қамту мәселесінде шенеуніктердің жұмысын материалдық үстемелеу ұсынысына қатысты жоспарды 1 наурызға дейін дайындауды премьер-министр Абдулла Арипов пен оның орынбасары Рустам Азимовке тапсырды.