Өзбекстанда девальвация: Сом екі есе құнсызданды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда девальвация: Сом екі есе құнсызданды

Өзбекстанда девальвация: Сом екі есе құнсызданды

Өзбекстанның Орталық банкі ұлттық валюта ресми бағамын екі мәрте девальвацияға ұшыратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 541
Фото - Caravan.kz

Орталық банк сайтындағы мәлімет бойынша, 5 қыркүйектен бастап бағам долларына 8,1 мың сом деңгейінде тіркелді. 

2003-2017 жылдар аралығындағы бағам анықтайтын факторлардың динамикасын сараптау негізінде, сондай-ақ, банктердің шетелдік валютаны импортер кәсіпорындармен келісілген бағамын есепке алғанда, қазіргі уақытта валюта бағамының болжалды деңгейі есеппен 1 АҚШ долларына 8-8,15 мың сом тең", — делінген ОБ хабарламасында. 

Өткен аптада бір доллардың құны, ОБ мәліметінше, 4210,35 сом болған. 


Айта кетейік, мұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде заңды және жеке тұлғалар 5 қыркүйектен бастап валюта сатып алу және сату операцияларын нарықтағы бағам бойынша еркін жүзеге асыра алатын жарлыққа қол қойған болатын.