Өзбекстанда «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 10 мүшесіне үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 10 мүшесіне үкім шығарылды

Өзбекстанда «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 10 мүшесіне үкім шығарылды

Өзбекстанның Ташкент облысында елде тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни ұйымының 10 мүшесінің үстінен сот процессі аяқталды, деп республиканың Жоғары сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Топты басқарған Бахтияр Махаматов пен Нематилла Сахибов 7 жылға сотталып, тағы алтауы 6 жылдан сотталды. Ал топтағы екі ең жас мүшелері бостандықта қалдырылып, оларға қатысты түзету шаралары тағайындалды», — деп бейсенбі күні баспасөз қызметінен хабарлады.

Жоғарғы сот мәліметтерінше, топтың басшысы — 30 жасар Б. Махаматов, бір мешіттің имамы бола отырып, «өзінің жақтастарын жинап, оларға «Хизб-ут-Тахрир» және ваххабизм ағымдарының идеяларын түсіндірумен айналысқан. Ол өзінің әрекетімен қазіргі бар мемлекеттік құрылымды ауыстыруға, заңсыз қауымдастық қатарын арттыруға шақырып отырған».

Сот тексреуі барысында топ мүшелері дискілерге жазылған арандатушылық пиғылдағы әдебиеттер таратып, халифат мемлекетін құру үшін «жиһад» қатарына енуге уағыздағандығы анықталды.

Соңғы жаңалықтар