Өзбекстанда Nike және Adidas кроссовкалары шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда Nike және Adidas кроссовкалары шығарылады

Өзбекстанда Nike және Adidas кроссовкалары шығарылады

Өзбекстан Nike және Adidas аяқ киімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

  • 14 Қыркүйек 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Өзчармсаноат" қауымдастығының төрағасы Фахриддин Бобоев жергілікті "Экономическое обозрение" журналына мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қауымдастық пен әлемге әйгілі брендтер арасында елде спорттық аяқ киім өндірісін жолға қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Фахриддин Бобоевтің сөзіне қарағанда, Өзбекстанда жоғары сапалы былғары шикізатының айтарлықтай көлемі, сондай-ақ салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші бар, бұл болашақта елге әлемдік брендтердің киімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ ел жоспарында Өзбекстанды осы саланың Орталық Азиядік өндірістік хабқа айналдыру бар екенін атап өтті.

"Nike және Adidas сияқты жетекші компаниялармен біздің нарыққа қол жетімділікті қамтамасыз ету туралы келісімге келдік. SinoInternational БК ЖШҚ зауытында аутсорсинг шарттарында әлемге әйгілі брендтердің 3 миллион жұп кроссовкасын шығаруды жоспарлап отыр", – деді Фахриддин Бобоев.


Айта кетейік, өнімдер Орталық Азия нарықтарында сатылады.

Соңғы жаңалықтар