Өзбекстанда президентке арналған мақтау әндеріне тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда президентке арналған мақтау әндеріне тыйым салынды

Өзбекстанда президентке арналған мақтау әндеріне тыйым салынды

Өзбекстанда мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевке арналған мақтау әндеріне тыйым салынды.

  • 13 Маусым 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді зиялы қауым өкілдеріне өзбектің ойын-сауық индустриясына жауап беретін "Өзбекконцерт" мемлекеттік органының уақытша директоры Азамат Хайдаров айтты. Өзбекстанда мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевке арналған мақтау әндеріне тыйым салынды, деп хабарлайды Today.kz ozodlik.org сайтына сілтеме жасап. 

"Кейбір адамдардың мемлекет басшысының қызметіне бейнебаян арнауы… этикаға жат", – деді Хайдаров.

Әншілер мен сазгерлер енді мақтау одаларын шығаратын болса, ән орындау лицензиясынан айырылуы мүмкін. 

Бұндай тыйым Шавкат Мирзиеевке музыкалық клип арнаған өзбек әншісі Дильфузз Исмайлованың әрекетінен кейін салынып отыр. 49 жастағы әншінің бұл видеоролигі YouTube желісіне 21 мамырда жарияланды, кейін өшірілді. Әнде Шавкат Мирзиеевтің бұл әлемдегі "тамаша сұлтан", "Құдайдың жердегі көлеңкесі", "сүйікті адам" екені айтылады. Өзбек басшысының ресми сапарларда түсірілген видеолары көрсетіледі. 

"Осынау әдемі жердің сұлтаны аман болсын" – Дильфуза Исмаилова бейнебаянын осылай атаған. Оның сөзінше, "жүрегі мен ар-намысы" осы әнді шығаруға көмектескен. 


Бірақ әлеуметтік желіде көп қолданушы клипті жақсы қабылдаған жоқ. Көбі әншінің әрекетін жағымпаздыққа балады. 

Соңғы жаңалықтар