Өзбекстанда қыздардың пәктігін тексеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда қыздардың пәктігін тексеруде

Өзбекстанда қыздардың пәктігін тексеруде

Самарқан облысында жоғарғы және орта сыныпта оқитын қыздарды жаппай гинекологтарға тексертуге жіберуде.

  • 23 Қараша 2017
  • 1612
Фото - Caravan.kz

Аты-жөнін айтудан бастан тартқан жергілікті әкімшілік өкілінің айтуынша, бұндай шара уақытынан ерте жыныстық өмірді бастаған қыздарды айқындау мақсатында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Centralasian.org.

Шенеуніктің айтуынша, «кәмелетке толмай қыздығын жоғалтып немесе екі қабат болып қалатын жас қыздардың ұяттан өз-өзіне қол жұмсау жайттары өрістеген». Бұны болдырмау мақсатында әкімшілік осындай қадамға барып отыр.

Гинеколог дәрігерден тексеріс өткізілгеннен кейін, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздармен мұғалімдер мен психологтар жеке отырып сөйлеседі екен. Аталып өткен шенеуніктің келтірген мәліметі бойынша, бүгінде гинекологиялық тексерістің нәтижесі бойынша ондаған жас қыздардың аяғы ауы екені анықталған. Дәрігерлер олардың ата-аналарын хабардар етіпті.

Алайда, оқушы қыздардың ойынша, бұл шара мәжбүрлік деңгейі бойынша тым қатты кетті.


Шенеунік өз сөзінде бұндай шараның қарқынды атқарылуы Самарқан қаласында президент Шавкат Мирзиеевтың сөйлеген сөзінен кейін басталды.

Еске сала кетсек, Өзбекстан президенті Самарқан облысының халық депутаттары кеңесінде сөйлеген сөзінде облыстағы әйелдер арасында суицидтің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген.