Өзбекстанда Ташкент іргесіндегі ұшақ апатынан қайтыс болғандарды аза тұту күні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда Ташкент іргесіндегі ұшақ апатынан қайтыс болғандарды аза тұту күні жарияланды

Өзбекстанда Ташкент іргесіндегі ұшақ апатынан қайтыс болғандарды аза тұту күні жарияланды

Өзбекстанда Ташкент іргесіндегі ұшақ апатынан қайтыс болғандарды аза тұту күні жарияланды. Кеше республика үкіметі осыған қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды Өзбек Ұлттық агенттігі.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Узбекистон хаво-йуллари» әуе компаниясына қарасты Як-40 ұшағы Термез-Ташкент бағытынан оралып, әуежайға қонар сәтте, 13-қаңтар күні кешкісін апатқа ұшыраған болатын. Сол күні апат орнын Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың өзі келіп көрді. Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына қажетті көмектер көрсету, ұшақ апатының себептерін тексеріп анықтауға арналған жедел шаралар ұйымдастыруды міндеттеді.

Апаттан 32 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі опат болды. Қаза тапқандардың арасында БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі мен БҰҰ Даму бағдарламасының республикадағы өкілдігінің басшысы, осы елде 2001-жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ричард Конрой да бар.