Өзбекстандағы оқиғалар әскер қатарында тек кәсіпқой мамандардың борышын өтеуі қажет екенін тағы бір дәлелдейді - ҚР қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы оқиғалар әскер қатарында тек кәсіпқой мамандардың борышын өтеуі қажет екенін тағы бір дәлелдейді - ҚР қорғаныс министрі

Өзбекстандағы оқиғалар әскер қатарында тек кәсіпқой мамандардың борышын өтеуі қажет екенін тағы бір дәлелдейді - ҚР қорғаныс министрі

Өзбекстандағы оқиғалар әскер қатарында тек кәсіпқой мамандардың борышын өтеуі қажет екенін тағы бір дәлелдейді. Бүгін, 17-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Өзбекстанда әскери бөлімшені басып алды және қару-жарақ қолды болды деген ақпараттар тарады. Бұл — әскер қатарында тек кәсіпқой әскерилер ғана қызмет атқаруы тиіс екенін тағы бір дәлелдейді»,- деді министр.

«Өзбекстандағы жағдай саясаткерлер үшін сабақ болуы қажет»,- деді көршілес республикадағы оқиғаларға түсініктеме берген министр. «Біз өз тарапымыздан шекарадағы күзетті күшейтіп, қорғаныс қоймалары мен әскери бөлімшелер орналасқан жерлердегі қауіпсіздікті нығайта түстік»,- деді министр.

Перейти к новостям спорта