Өзбекстандағы оқиғалардың Қырғызстандағы биліктің алмасуына ешбір қатысы жоқ - Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдары - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы оқиғалардың Қырғызстандағы биліктің алмасуына ешбір қатысы жоқ - Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдары

Өзбекстандағы оқиғалардың Қырғызстандағы биліктің алмасуына ешбір қатысы жоқ - Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдары

Өзбекстандағы оқиғалардың Қырғызстандағы "қызғалдақ төңкерісіне" ешбір қатысы жоқ. 15-мамыр, жексенбіде "Демократия және азаматтық қоғам үшін" коалициясының жетекшісі Эдиль Байсалов осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Өзбекстанның ішкі ісі болып табылатын Әндіжандағы соңғы оқиғалар Қырғызстандықтардың алаңдаушылығын тудырмай тұра алмайды»,- деді Э.Байсалов. Ол Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың «Әндіжандағы бүлік оңтүстік Қырғызстанда дайындалды» деген мәлімдемесіне келіспеушілік білдірді.

«Өзбекстанға төңкеріс экспорттау туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ»,- деді Қырғызстандағы ірі үкіметтік емес ұйымның жетекшісі. «24-мамырдағы төңкеріс өзбектерді көтеріліске шығуға итермелеуі мүмкін, бірақ дегенмен, екі елдегі қоғамдық-саяси құрылымның табиғаты бір-бірінен мүлдем кереғар»,- деді Э.Байсалов.
Дегенмен осы орайда ол Қырғызстан халқын «көршілес мемлекеттің ішкі ісіне араласуға итермелеуге тырысуы мүмкін экстремистер мен арандатушыларға» қатаң тойтарыс беруге шақырды.

Перейти к новостям спорта