Өзбекстандағы парламент сайлауы заңды әрі еркін өтті деп танылды - ТМД бақылаушылары - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы парламент сайлауы заңды әрі еркін өтті деп танылды - ТМД бақылаушылары

Өзбекстандағы парламент сайлауы заңды әрі еркін өтті деп танылды - ТМД бақылаушылары

ТМД халықаралық бақылаушылары Өзбекстанның заң шығарушы палатасы олий мажлистің сайлауын заңды, еркін әрі ашық өтті деп таныды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ташкенттен.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 465
Фото - Caravan.kz

Сайлау барысында жекелеген азын-аулық заң бұзушылықтар шықты, бірақ олар дауыс беру қорытындысына айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Бұл туралы 27-желтоқсанда ТМД халықаралық бақылаушылары таратқан мәлімдемеде айтылған.

Жалпы алғанда сарапшылар дауыс беру барысының жақсы ұйымдастырылғанын, сайлаушылардың белсенділігін атап өтті.
Сайлауға сайлаушылардың 85,1 проценті қатысты. Барлығы 120 депутаттық орын үшін 5 саяси партия мен 58 бастамашы топтан 489 үміткер бақ сынасты.