Жарияланды: 620

Өзбекстандағы жер сілкінісінен 13 адам опат болған

Өткен түні Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жойқын зілзала болды. Күші Рихтер бағанымен 7 баллға дейін жеткен жер асты дүмпуінің ошағы Ферғана қаласынан 30 шақырымдай жерде тіркелген. Табиғат апатынан Өзбекстанның Риштан, Бағдад аудандарында бірнеше ғимарат жермен-жексен болды. 13 адам қаза тауып, 80-і жараланды деген ақпарат бар. 

Ал Қырғызстанда абырой болғанда өлім-жітім жоқ. Тек Баткен облысында 10 шақты үй қираған. Электр торабына зақым келгендіктен 7 елді-мекен жарықсыз отыр. Сондай-ақ Ош-Баткен күре жолының бірнеше жерін жардан құлаған ірі тастар жауып қалған. Зардап шеккен аймақтарда Қырғызстанның Азаматтық қорғаныс басқармасынан жіберілген комиссия залал көлемін есептеуде. Ал, сейсмологтар жер сілкінісі қайталануы мүмкін екендігін ескертіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін