Өзбекстандағы жол апатынан 3 қазақстандық қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы жол апатынан 3 қазақстандық қаза тапты

Өзбекстандағы жол апатынан 3 қазақстандық қаза тапты

Өзбекстан трассасында болған жол апатынан 3 Қазақстан азаматы қаза болды. 

  • 5 Тамыз 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

«3 тамыз күні Навой облысында Нуратын аудынындағы Нурат — Джизак – Фариш тас жолынан 136 километр ұзақ жерде Daewoo Nexia автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Isuzu жүк көлігіне соғылды. Жеңіл автокөлікте жүргізушіден бөлек жеті адам болған. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған 2 бала. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 3 Қазақстан Республикасының азаматтары (1952, 2013 және 2016 жылғы) көз жұмды», – делінген таратылған хабарламада.

Тағы 3 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Олар есін жиғанымен, жағдайлары ауыр. Дипломаттар жәбірленушілер мен олардың туыстарына көмек көрсетіп жатыр.


Жол апатынан қайтыс болған және жарақат алған жолаушылар Өзбекстан азаматының туысы болып шықты. Сондықтан марқұмдарды Өзбекстанда жерлеуді жөн көрген.

Соңғы жаңалықтар