Өзбекстандық азаматты өлтірді деген күдікпен 2 оңтүстікқазақстандық ұсталды
Өзбекстандық азаматты өлтірді деген күдікпен 2 оңтүстікқазақстандық ұсталды. |
Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматын өлтірді деген күдікпен ОҚО-ның екі тұрғынын қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Пышақ жарақатынан қайтыс болған азаматтың мәйіті даладағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған»,- деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, жәбірленушінің елімізге Ресей Федерациясынан нәпақа табу мақсатында келіп, кездейсоқ таныстарымен спирттік ішімдік ішуге әуес болғандығы анықталды. Оқиғадан біраз уақыт бұрын жәбірленуші ұсталған азаматтармен ішімдік ішу барысында жанжалдасқан. Ақырында шет ел азаматы пышақ жарақатынан қаза болған. Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер мәйітті далаға алып шығып, қоқыс жәшігіне тығып тастаған. Жәбірленушінің денесін қоқыс жинаушылар тауып алған.
«Кісі өлтірді деген күдікпен екі азамат қамауға алынды, ҚР қылмыстық кодексінің 96 бабы, 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды»,- Н.Ораз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін