Өзбекстандық босқындар Қырғызстанға келіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық босқындар Қырғызстанға келіп жатыр

Өзбекстандық босқындар Қырғызстанға келіп жатыр

14-мамырда Қырғызстанға Өзбекстанның шекаралас аудандарынан мыңдаған босқындар ауып келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БҰҰ-ның Даму бағдарламасынан хабарлады.

  • 16 Мамыр 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Халықаралық құрылымның ақпарына сәйкес, 500-дей Өзбек азаматы қазір Джалал-Абадқа, 500-ге жуығы шекара маңындағы Қарасуу қаласына келіп жетті.

Босқындардың алғашқы легі Қара-суу өзені арқылы өтіп келген. Бұл өзендегі бұзылған көпірді жергілікті тұрғындар өз күшімен қайта тұрғызған болатын.
Қырғызстан Республикасы Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғыз-Өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы екі ел азаматтарын өзара өткізуге 15-мамырда тек Қарасуу учаскесінде ғана рұқсат берілген. Бұл туралы шешімді Ош облыстық әкімшілігі, Қырғызстан ІІМ мен Шекара қызметінің басшылығымен келісе отырып қабылдады. Қазір бұл шекаралық бекет арқылы екі елдің шекаралас аймақтарының тұрғындары жеңілдетілген тәртіппен өтіп жатыр.
Жалал-Абад облысының Өзбекстанмен шекаралас Базарқорған ауданында босқындар шекарадан заңсыз өткен. Босқындардың басым бөлігі елдеріне кері оралғасы келмейді. Қырғызстан шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Қырғзы-Өзбек шекарасындағы жағдай толық бақылауға алынды.
Қырғызстан тұрғындары мен жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері Өзбекстан азаматтарына тиісті көмек-жәрдем көрсетуде. Куәгерлердің айтуынша, босқындар арасында оқ тиіп жараланғандары да бар. Осыған байланысты Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі жергілікті ауруханалар қажетті дүниелермен толық қамтамасыз етілген, көмек тегін көрсетіліп жатыр деп мәлімдеуде.
15-мамыр, жексенбіде шекаралас аумақтарға БҰҰ Бас комиссары басқармасы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдері қайырымдылық көмекке деген сұранысты анықтау мақсатымен ұшып келді. Жексенбі күні жергілікті жағдаймен танысу, күш құрылымдарының жұмысын үйлестіру үшін Өзбекстанмен шекаралас Ош қаласына Қырғызстан шекара қызметінің төрағасы мырзакан Субанов келді.

Перейти к новостям спорта