Өзбекстандық үш жұмысшы оқыс оқиғаның салдарынан қаза тапты - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық үш жұмысшы оқыс оқиғаның салдарынан қаза тапты - телеарна

Өзбекстандық үш жұмысшы оқыс оқиғаның салдарынан қаза тапты - телеарна

Шымкент. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте болған оқыс оқиғаның салдарынан Өзбекстаннан келген үш жұмысшы жай үйдің құдығында жанармай буынан уланып қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Журналистердің хабарлауынша, Хорезм облысынан келген үш гастарбайтер Шымкенттің іргесінде бір жай үйдің құрылысын салып жүрген. 13 тамыз күні олар құдық қазып жатады. Олардың бірі, 20 жастағы Шодлик 11 метрлік тереңдіктегі құдықтың дәл іргесіне қойылған насостың қозғалтқышына жанармай құйып жатқан сәтте құдықтың ернеуі олардың салмағын көтермей опырылып түседі. Сөйтіп жігіт канистрамен және помпамен бірге құдыққа құлаған. 30 жастағы Шерзод есімді жігіт оған көмекке ұмтылған. Оның артынан 18 жастағы Ергеш те түседі. Алайда, олардың бәрі де жанармай буынан естері танып қалады. Олардың артынан 36 жастағы Хамид те құдыққа түскен. Ол Ергешті құтқарғанымен, өзі жер бетіне шыға алмай қалған.

Шымкенттің Абай АІІБ-ның хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары Шымкентте заңды жүрген, оларда қажетті құжаттардың бәрі де болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Полиция ақпараттарында ол оқыс оқиға ретінде тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар