Өзбекстандықтар арзан қазақ базарына шығу үшін аязда кезекте тұруға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандықтар арзан қазақ базарына шығу үшін аязда кезекте тұруға мәжбүр

Өзбекстандықтар арзан қазақ базарына шығу үшін аязда кезекте тұруға мәжбүр

Өзбек-қазақ шекарасындағы «Гишткуприк» (бұрынғы «Черняевка») тексеру-өткізу бекетінде ұзын кезек пайда болды. Жаңа жыл қарсаңында мыңдаған ташкенттік бағасы 30-40 пайызға арзан қазақ базарына өткісі келеді.

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 188
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап centralasian.org басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

"Шекараға таңғы жетіде келсеңіз, Қазақстанға түстен кейін ғана өтесіз. Адамдар шекарадан өту үшін бес-алты сағат тұрады. Үлкен кісілер мен балаларға, әйелдерге ауыр", — деді Ташкент тұрғыны.

Ол шекарадағы жағдайды видеоға түсіріп жіберді.

Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, 19 желтоқсанда ол «Гишткуприк» бекетіне барған. Бірақ журналист шекарадағы үлкен кезектен өте алмаған.

"Кезекте шамамен 2 мың адам тұрды. Әр минут сайын кезекке адам қосылып жатты. Шекарадан өту үшін маған бес-алты сағат тұру қажет еді", — деді ол.


Желтоқсан айының басында баспасөзде Өзбекстан мен Қазақстан шекарадағы ең адам көп өтетін пунктерді кеңейтуге келіскені хабарланған.

Өзбекстанның тағы бір тұрғыны жақында ғана «Гишткуприкте» түсірілген суретін жолдады.