Өзбекстанмен шекарада контрабандалық валютаға тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанмен шекарада контрабандалық валютаға тосқауыл қойылды

Өзбекстанмен шекарада контрабандалық валютаға тосқауыл қойылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарада ірі ақша сомасының контрабандалық жолмен өткізілуіне тосқауыл қойылды, деп хабарлады республика ҰҚК Шекара қызметінен.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz


Сарыағаш шекаралық отрядының "Ынтымақ" заставасының наряды шекара заставасынан 7 шақырым жерде көрші мемлекет жақтан үш ер адамның келіп, қоршаудың үстінен қазақстандық жаққа скотчпен оралған үш қағаз пакет тастағандығын көрді, делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
"Пакеттерді қарау кезінде ол жерден 2,2 млн теңге, 1,1 мың еуро және 3,2 млн аса ресейлік рубль шыққан”.
Бұл факті Сарыағаш ауданының органдарына хабарланды, тергеу жүргізілуде.