Өзбекстаннан Т1,6 млн сомаға жеміс-жидек контрабандасына қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстаннан Т1,6 млн сомаға жеміс-жидек контрабандасына қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Өзбекстаннан Т1,6 млн сомаға жеміс-жидек контрабандасына қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Кеден қызметкерлері Т1,564 млн сомаға Өзбекстаннан келген жеміс-жидек контрабандасына қатысты қылмыстық істі сотқа тапсырды, деп Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

Ведомстводан хабарлағандай, «жаңа піскен» тауарларымен темір жол вагоны «Сарыағаш стансасы» ТӨҚ-дан кедендік бақылаудан өткен. Вагонды өлшеу барысында онда құжаттарда көрсетілгеннен артық 1140 кг жүзім, 948 кг алмұрт, 2470 кг шабдалы барлығы анықталды.

«Декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны Т1,564 млн болды. Жүк иесі, Қазақстан азаматы Ербол Мырзайтовқа қатысты ҚР ҚК 209 бабы, 1 тармағы бойынша – «экономикалық контарбанда» — қылмыстық іс қозғалып, 29 шілдеде іс материалдары сотқа тапсырылды», — деп дүйсенбі күні баспасөз қызметінен хабарлады.

Ілеспе құжаттарда жүкті алушы «ТuronТrade» ЖШС, ал оны жіберуші, Өзбекстанда тіркелген — «All-RoundAsiaТrade» ЖШҚ деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар