Өзбекстанның Көлік министрлігі Қазақстан арқылы транзитпен өтетін азаматтарға елге кіругеқатысты мүмкін шектеулер туралы ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Көрші елдің ведомствосының хабарлауынша, Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын Өзбекстан азаматтарын Қазақстанға кіргізбеу жағдайлары жиілеп кеткен.
Бұған Қазақстан билігінің бұрын тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері үшін қолданатын әкімшілік шаралары себеп болып отыр.
«Бұл азаматтар Қазақстанның «Каспи банк» онлайн жүйесінің «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде белгіленген айыппұлдарды төлегеннен кейін тиісті мемлекеттік органдар салған тыйымды алып тастау шаралары қабылданады», — делінген хабарламада.
Жүргізушілерге шекарадан өту кезінде мұндай жағдайлар мен қажетсіз мәселелердің алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.