Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуы дағдарыстан қорғануға деген талпынысқа байланысты - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуы дағдарыстан қорғануға деген талпынысқа байланысты - сарапшы

Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуы дағдарыстан қорғануға деген талпынысқа байланысты - сарапшы

Алматы. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуы дағдарыстан қорғануға деген талпынысқа байланысты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Өзбекстанда аккредитацияланған Мемлекетаралық үйлестіруші сушаруашылығы комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы директорының орынбасары Вадим Соколов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қараша 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

«ЕурАзЭҚ аясында Өзбекстан өзінің серіктестерінен өзі күткендей қолдау тапқан жоқ, яғни, оның кейбір мүдделеріне қолдау көрсетілген жоқ, атап айтсақ, Қырғызстан мен Тәжікстанда жаңа гидрожелілер мен бөгендер құрылысын тоқтату жайлы. Келесі жағынан алғанда, бұл — сылтау ғана. Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуының терең себептері бар: бұл — қаржылық -экономикалық дағдарыстан өзіндік қорғану амалы», — деді В. Соколов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті