"ЕурАзЭҚ аясында Өзбекстан өзінің серіктестерінен өзі күткендей қолдау тапқан жоқ, яғни, оның кейбір мүдделеріне қолдау көрсетілген жоқ, атап айтсақ, Қырғызстан мен Тәжікстанда жаңа гидрожелілер мен бөгендер құрылысын тоқтату жайлы. Келесі жағынан алғанда, бұл - сылтау ғана. Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-тан шығуының терең себептері бар: бұл - қаржылық -экономикалық дағдарыстан өзіндік қорғану амалы", - деді В. Соколов.