Жарияланды: 270

Өзбекстанның ҰҚКҰ мүше болуын тоқтату мәселесі талқыланбақ

Өзбекстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшартқа мүше болуын тоқтату, ұйым шеңберінде әскери ынтымақтастықты арттыру, басқа да бірқатар мәселелер Мәскеуде ҰҚКҰ кеңесінің сессиясы барысында талқыланады, деп хабарлады сәрсенбіде журналистерге ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.

"Ұйым жауапкершілікті мойнына алған аумақта жағдайдың даму үдерісі мәселесін тар ауқымда қарау көзделген. Ұйымдағы мүшелігін тоқтату туралы Өзбекстанның да жолдауы қаралатын болады", деді Н.Бордюжа . Сосын президенттерге қорғаныс министрлері қосылмақ, онда ҰҚКҰ жүйесінде әскери ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері қаралмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін