Өзбектен де көрейін дедім - Шахизаданың экс "сүйіктісі" тағы да дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектен де көрейін дедім - Шахизаданың экс "сүйіктісі" тағы да дауға қалды

Өзбектен де көрейін дедім - Шахизаданың экс "сүйіктісі" тағы да дауға қалды

Әнші Шахизаданың жігітімін деп хайп жасап, басы дауға қалған Ерболат Ержанбаев Юлдуз Усмановамен таныстығы жайлы айтты. 

  • 7 Маусым 2023
  • 414
Фото - Caravan.kz


Әнші бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Тележүргізушінің үлкен апалармен бұрын жақсы екенсіз, Юлдуз Усмановамен де дуэт жазған екенсіз деген сұрағына әнші "Өзбектен көрейін дегем ғой, әпше қандайсыз деп. Мені ол кісімен де жүреді екен деп телеарнадан көрсетті. Бірақ ол өтпей қалды. Ол кісі концертке келді, ол кісі сахнада тұрған кезде күйеуіне мына ән ұнайды маған, айтуға бола ма деп айттым. Ол кісі қазір Юлдузбен таныстырайын деп, таныстырды. Сенің дауысыңды тыңдап көрейік деді. Мен ол кісінің фанаты болғаннан кейін онымен ән айту арманым болды. Ән ұнады, қазақшасын жазғызып өзіне жібердім. Маған көмекшісі арқылы байланысқа шығып, Ташкентке шақырды. Осы әнді сенімен дуэт айтсам қалай қарайсың деді. Шок болдым. Ол ән хит болсын, болмасын, бір елдің примадоннасымен ән айту менің тарихымда естелік. Солай жазылған ән", — деп жауап берген.