«Өзбектер дуалап тастады»: Әйгілі боксшы Нұржан Сманов финалда өзбек боксшысынан дуаның кесірінен жеңілгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзбектер дуалап тастады»: Әйгілі боксшы Нұржан Сманов финалда өзбек боксшысынан дуаның кесірінен жеңілгенін айтты

«Өзбектер дуалап тастады»: Әйгілі боксшы Нұржан Сманов финалда өзбек боксшысынан дуаның кесірінен жеңілгенін айтты

Тоқсаныншы жылдары команда капитаны болған белгілі боксшы Нұржан Сманов басынан өткен сұмдық жағдаймен бөлісті. Айтуынша Ташкентте өткен жарыста өзбек боксшысынан дуаның кесірінен жеңіліс тапқан.

  • 8 Қазан 2020
  • 618
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Астарлы ақиқат» ток-шоуында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Нұржан Сманов 1995 жылы Ташкентте өткен Азия Ойындарында өзбек боксшысы Нариман Атаевпен кездесті. Бұл туралы ол былай еске алды: 

«Сөйтсек олар магия, сиқыр деген нәрсеге көп жүгінеді екен. Мен ол кезде бала болдым, көп ештеңе білмедім. Атаевты оны алдында екі рет жеңгем. 1989 жылы КСРО чемпионаты атандым, сол кезде оны финалда жеңдім. Одан кейін 5 жылдан соң Азия ойындарында Хиросимада жартылай финалда жеңдім. Одан 5 ай өткенде Ташкентте Орталық Азия ойындары өтті. Мен негізі оны сол кезде қатты сабап тастадым» — деді белгілі спортшы.

Әйтседе Сманов финалға шығаттын сәттен бастап бірден ұмытып қалған.

« Финал алдында дене қыздырып дайындалып жаттым. Ары қарай кадр үзіледі ғой,свет өшкен сияқты, менде де сол сияқты болды. Қалай рингке шықтым, қалай бокстастым, қалай түстім, ештеңе есімде жоқ. Кейін бөлмеге келіп, беті қолымды жуыған кезде оянғандай болдым. Қарасам бөлмеде екенмін. Қарасам шешінетін бөлмеде адам көп. Арасында Болат Жұмаділов жүр екен. Сұрадым, не істеп жүр мыналар бәрі деп. Сосын мен бокстастым ба, не болды деп сұрадым.

— Иә, Нұреке жақсы бокстастыңыз.


— Жеңдім ба деп едім,

— Негізі жеңдіңіз, бірақ жеңісті өзбекке берді, бірінші раундта нокдаун алдыңыз деді. Намыстан көзіменен жас ағып кетті, деп еске алды Сманов.

Ал сиқыр жасалғанын тек үйіне келгенде ғана біліпті.

«Түнгі үште үйге келіп записті өзімді көрдім.Көрдім де өзімді танымай қалдым. Мен Нариман Атаевті білем. Еш уақытта оған қарсы ұмтылып жүгірмегем. Ал ана жерде жай тұр екенмін. Ол мені ұрып құлатады. Кейін бір аптадан соң Қайрат Өтемұратов деген ағам бар, содан естідім, бокс кезінде залда  пәранжә киген бір кемпір бірдеңе істеп жүрген екен.

Жалпы қазақ боксшыларына бұдан басқа сиқыр жасалғанын белгілі жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов та растады.

«Тайлан құрамасы да бізге қарсылас болып жүрді. Болат Жұмаділов бауырымыз Олимпиадада финалда ұтылып қалды. Олар да осындайды қолданады. Ондайды Пекин Олимпиадасында да көрдік. Серік Сапиев те дәл Нұржан сияқты жағдайға түскен еді.Бірақ біз оны айта бермейміз, бірақ оны байқадық. Отырып алып бірдеңелер істеп жатады, оны өз көзіммен көрдім», -деді Мырзағали Айтжанов.