Өзбекстандағы Самарқанд қаласының тұрғыны Фейсбуктегі «Здоровья Каримову» тобына хат жазып жіберіпті. Онда автор сондағы Шахи Зинда зиратын көп жұмысшы келіп тазалап жатқанын айтқан.
«Мен Регистан алаңының маңында тұрамын әрі жұмыс істеймін. Бүгін (кеше – ред.) 17:00-ге таман қара машина қаптап кетті. Артынан бүкіл алаңды қоршап алды. Ең сұмдығы, учаскелік милиция «ертең мейрам болады» деді. «Өте жаман мейрам» деді. Бүгін Кәрімовтердің үйін жөндеді. Сондай-ақ, Шахи Зинда зиратын көп жұмысшылар тазалап жатыр. Өзіміз де сенбіліктеміз. Ертең таңертең алаңда Әкемізді (Ислам Кәрімовті меңзейді – ред.) еске алу рәсімі өтеді деп жатыр» дейді хат иесі.