Тіпті кейбір өзбек ағайындар әлеуметтік желілерде іштегі ашу-ызасын ірікпей жазып қалдыруды жөн санапты. Caravan.kz медиа-порталының тілшісі солардың кейбіріне тоқталып көрді.
Мәселен:
Зохид Узбек: Шахрам нағыз чемпион! Судьялар не қарап отыр. Қазақ Шахрамды ұстап алғанды ғана біледі. Кейін қашып жүрді. Бұлай чемпион болу масқара, Данияр!
Мира Мира: Рефери дұрыс істеген жоқ. Қайта қайта тоқтатып, ескерту жасай береді. Қарсыласы дем алып алады. Рефери мен судьялар бейшара.
Елена Цуканова: Менің де ойым солай. Қазақстандық нақты ештеңе жасай алмады. Тек бірнеше дәл соққылары болмаса….
Клара Цвет: Судьялар да, рефери да сатылған, қорқаулар!!! Қазақстандық ешқашан нағыз көкжал бола алмайсың!!!
Асыланбек Умарбеков: Байқадыңдар ма, қазақстандықты сайыстан кейін тіпті жаттықтырушысы да құттықтамады…
Еркинджон Елмири: Шахрам лайықты! Қарсыласы қазақ рингте қашып жүрді.
Гюльноза Вадалова: Қазақ балет көрсетті
Алексей Горбунов: 3 раунд бойы қорқақ сияқты қашып жүріп чемпион болу, қазаққа масқара!
Дегенмен ала шапанды ағайындардың Шахрамның Даниярдан расымен де ұтылғанын мойындағандар да бар.
Жахонгир Убайдуллаходжаев: Дәлдік сәл жетпеді. Қарсыласы қазақ өте мықты тактитка қолданды. Дегенмен, Шахрам жарадың!
Низами Курхон: Шахрамның жеңіске деген ұмтылысы жақсы болды. Бірақ, техника болған жоқ. Лас бокс көрсетті, сәттілік!
Мухром Азизов: Иә, ол үнемі қорғаныста болды.Оның жарақаты болған сияқты. Бірақ, мойындау керек, біздің боксшы тигізе алмады және қарсы шабуылда соққы жеп қалды. Қазақстандықты құттықтаймын!
Тулкун Умаров: Өте өкінішті. Шахрам соққы саны бойынша асып түсті. Бірақ судияларға қазақстандық Левиттің жеңісін ресейлік Тищенкоға алып бергендері үшін айыбын өтеу керек болды. Бәрібір Шахрам, мықтысың!
Еске сала кетсек, бүгін Рио-де-Жанейрода 69 келі салмақта өнер көрсеткен боксшы Данияр Елеусінов ақтық сында өзбекстандық Шахрам Гиясовты 3:0 есбімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша Данияр Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлде салды.