Бұл туралы ол «Қасқа жол» You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Тарихшы маманның сөзіне сенсек, қазақ пен өзбек бір туған халық.
«Өзбек халқы қарақалпақтан кейінгі тұрған қазақтың бауыры. Қырғыздар бұрыннан бөлектеу. Олармен әдет-ғұрып, салт-дәстүр жағында бірлестік бар. Бірақ, рухани тұрғысынан бізбен бірге халық емес. Ал, өзбек бізбен бір туған. Қазақта қанша ру болса, өзбекте де сонша ру-тайпа бар. Бірақ оларда ол қызмет атқармайды. Неге? Себебі, екеуінің арасын бөлген бір-ақ нәрсе. Біз Яссауи тарихатының қол астындағы бір халық едік. Яссауи жолына кеткен бір ғана халық болды. Ол — қазақ халқы. Өзбектер нақшбандийя тариқатының соңында кетті. Нақшбандийя тариқатын қабылдау арқылы олар араб-парсы мәдениетін қоса қабылдады. Нәтижесінде, қазір бөлек халыққа айналды. Қазақ мемлекетінің күйреуіне де осы нақшбандийя тариқаты әсер етті. Біздің хандар абсолютті билікке жетеміз деп нақшбандийя тариқатын әкеп қазақтың арасына іріткі салды. Қазір өзбекпіз деп жүргендер біздің ағайындар. Түркістанның айналасында қай қыстақта қандай ру-тайпаның өкілдері отырғанын айтып бере аламын», -дейді ол.
Сондай-ақ, ол өзінің ата тегіне оралып, қайта қазақ болғысы келетін өзбектердің қарасы көп екенін де айтты.
«Осыдан 5-6 жыл бұрын бір оқиға болды. Қазақ пен өзбек мәселесін университетте «Темірқазіқ» деген клубымда көтердік. Өзбек пен қазақтың шалдарын шақырдық. Өзбек ағайындар көбірек келді де, біздің қазақтың шалдары көңіл бөлмеді. Сонда өзбек ағайындар өздерінің кешегі қазақ екенін мойындады. Менен кейін екі рет жиын өткізді. Ең қызығы, араға бір жыл салып, Шымкенттегі Қарабұлақ деген жерден 750 үй өзбек ағайын біз кешегі қазақ едік, қайтадан қазақ болғымыз келеді деп өтініш жазды. Бірақ, заң оларды қазақ деп қабылдай алмады», — дейді ол.
Желіде қызу талқыланып жатқан видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. Пікір білдірушілердің арасында өзбек ұлтының өкілдерінің көп екенін байқауға болады.
«Футзалдан әлем чемпионы болғанда қазақтар өзбек екенін мойындап шықпаса болды», «Африкалықтар да қазақ болған ба», «Қазақтар моңғаолдан тараған», «Біз өзбекпіз және өзбек болып қаламыз», «Өзбектер қазақ болған жоқ, керісінше қазақтар өзбек болған», — деп жазды олар.

