"Өзбектер зауыт соқса, қазақтар Джейлоны концертке шақырады": Халық атышулы Голливуд әншісінің концертіне жаппай қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзбектер зауыт соқса, қазақтар Джейлоны концертке шақырады": Халық атышулы Голливуд әншісінің концертіне жаппай қарсы шықты

"Өзбектер зауыт соқса, қазақтар Джейлоны концертке шақырады": Халық атышулы Голливуд әншісінің концертіне жаппай қарсы шықты

Күні кеше Үкімет басшысы Олжас Бектеновқа Астанада тамыз айында атышулы Голливуд әншісі Дженифер Лопестің концерті өтетіні хабарланды.

  • 10 Сәуiр
  • 63
Instagram/ZTB news

Халық аталған бастамаға жаппай қарсы шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көпшілік атышулы Голливуд әншісінің елге келіп, концерт беруіне наразылықтарын әлеуметтік желі арқылы білдіруде. Онда Дженифер Лопесті «қыруар қаржыға елордаға концер беруге шақырғанша, өзге жобаларды қолға алу керек» деген пікірлерді көп кездестіруге болады.

Сонымен бірге танымал блогер Мөлдір Анарбаева да желіде әзіл-шыны аралас жазба қалдырды. Ол енді қазақтар қарыз бен кредитке билет алып, концертке баратынын жасырмады.

Айта кетейік, Голливуд жұлдызының Астанадағы концерті биылғы жылдың 1 тамызында өтеді.