"Өзегім өртеніп отыр": Марқұм Дулат Исабековке жантебірентерлік жазба арнаған Айгүл Иманбаева көпті жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзегім өртеніп отыр": Марқұм Дулат Исабековке жантебірентерлік жазба арнаған Айгүл Иманбаева көпті жылатты

"Өзегім өртеніп отыр": Марқұм Дулат Исабековке жантебірентерлік жазба арнаған Айгүл Иманбаева көпті жылатты

Белгілі актриса Айгүл Иманбаева күні кеше марқұм болған классик жазушы Дулат Исабековке арнап жантебірентерлік жазба арнады.

  • 24 Ақпан
  • 54
Instagram/Айгүл Иманбаева

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса қаламгерді ақтық сынға шығара алмайтынына қатты өкінетінін жеткізді.

«Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды.

Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң, қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді.

Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды,өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да, қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол, жан ағам!», — деп жазды актриса.