Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды

Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды

Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды.

  • 6 Қыркүйек 2021
  • 1105
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция құқық бұзушыны “Казачка” өзеніне лас суларды заңсыз ағызғанын анықтау бойынша жергілікті іс-шара жүргізу кезінде анықтады. –

Рейдтің негізгі мақсаты – “Казачка” өзенінің ластану көздерін анықтау және бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою болып табылады. Ашық факт анықталды. Жергілікті тұрғын – А.есімді азамат, көшедегі дәретханадан нәжісті осы өзенге ағызды. Ол бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, біз анықталған заң бұзушылықтарды дереу жоюды талап еттік, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Полицейлер бұл іс-шараның, Алматы қаласы экология Департаменті, Медеу аудандық ПБ ЖПҚБ экологиялық полициясы, Медеу ауданы әкімінің аппараты, “Қазгидромет” РМК, Алматы қаласы Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік су қорын реттеу мен қорғау инспекциясы және Алматыдағы азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп өткізілгенін түсіндірді.



 

Перейти к новостям спорта