Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара желісі бойынша жаңа жолаушылар қозғалысы басталды
Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жолы бойынша қала маңында қатынасқа арналған Өзен-Болашақ пойызы жүре бастады. |
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлайды.
Құрамды «Қала маңындағы тасымалдаулар» АҚ-ның күшімен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды. №№6993/6994 пойызында жалпы орындары бар бір вагон мен теміржол кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және жолаушыларды тасымалдауға арналған бір жабық вагон бар.
Пойыз алғашқы сапарын 3 қаңтар күні жасады. Ол 3,5 сағаттан сәл асатын уақыттың ішінде 148 шақырымды еңсереді. Өзен стансысынан 9:20-да аттанатын ол Болашаққа сағат 12:39-да жетеді. Қайтар жолда пойыз сағат 15:00-де шығып, Өзенге 18:32-де жетеді.
Пойыз 6 шағын аралық стансысы: Бастау, Ақбөбек, Бопай, Тайғыр, Құрмаш, Бестөрткөлде аялдайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін