Қ.Марқабевтың айтуына қарағанда, бұл құрылымдағы мұнайдың болжамдық қоры шамамен 8-10 млн. тоннаны құрайды. «Аталмыш алаңды игеруге арналған лицензияны «ҚазМұнайГаз» алған, әрі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өндірістік филиалы оның салалық құрылымы болғандықтан, компания ондағы іздестіру жұмыстарына арналған бағдарлама жасады»,- деді ол.
Оның айтуынша, алдағы екі айда жұмыс бағдарламасының бюджеті бекітіледі. Бағдарламаға сәйкес, 2004-жылы бір барлау ұңғысын бұрғылау көзделген. Бір ұңғыны бұрғылауға шамамен 500 млн. теңге жұмсалады.
Сондай-ақ, Қ.Марқабевтың айтуынша, 2004-жылы өндірістік филиал 3D сейсмологиялық барлау мәліметтері негізінде Өзен және Қарамандыбас кеніштеріндегі триас түзілімдеріндегі кең ауқымды іздестіру шараларына кіріседі. Биылғы жылы іздестіру мақсатындағы 4 ұңғы бұрғылау межеленген.