"Өзенмұнайгаз" ААҚ насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және диагноз қоюға арналған базаны пайдалануға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" ААҚ насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және диагноз қоюға арналған базаны пайдалануға берді

"Өзенмұнайгаз" ААҚ насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және диагноз қоюға арналған базаны пайдалануға берді

"Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның мұнайшылары Ресейлік Самара және Рязаньдық әріптестерімен бірлесіп тағы бір жаңа жобаны жүзеге асырды. Осындағы мұнайгаз басқармасының жанынан насостық-компрессорлық құбырларға арналған жөндеу-диагностикалық базасы пайдалануға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Маусым 2003
  • 685
Фото - Caravan.kz

Базаның бастығы Қуанғали Қырымқұловтың айтуынша, аталмыш кешеннің бір артықшылығы сол, мұнда насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және маркировка жасау жөніндегі технологиялық желі толықтай автоматтандырылған.

Жөнделген құбырлар базадан мұнайгаз басқармасының жер асты ұңғыларын күрделі жөндеу бригадасы мен «Жөндеу» ЖШС-іне үздіксіз жіберіліп отырады.
Әрбір ауысымда 120-130-ға дейін құбыр қалпына келтіріледі. Олар арнайы қондырғыда парафин-май және мұнай қалдықтарынан тазартылады.
Бүгінде жөндеу-диагностикалық базасында 40 адам жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар