2003-жылдың бірінші жартысында 88 ұңғы жойылды (2002-жылы 142), олардың 30-ы мұнай өндіруші (59), 58-і айдаушы (83) ұңғылар. Жалпы алғанда 2003-жылы 174, соның ішінде 60 өндіруші, 114 айдаушы ұңғыларды жою көзделген. 2002-жылы барлығы 1013 ұңғыға күрделі жөндеу жасалып, қосымша 270421 тонна мұнай өндірілді.
2003-жылы 110 өндіруші және 53 айдаушы ұңғыны іске қосып, 60 өндіруші және 40 айдаушы , барлығы 100 ұңғыны тұтынымнан шығару межеленген.
Қазір «Өзенмұнайгаз» ААҚ Шығыс Өзен, Өзен, Қарамандыбас, Батыс теңге, Тасболат, Ақтас, Оңтүстік Жетібай тәрізді 7 табиғи газ және газ конденсаты кеніштерін соңғы сатыда игеруде.