2003-жылы «Өзенмұнайгаз» ААҚ газ өндіру көлемін 947 млн. текше метрге дейін немесе 2002-жылғы деңгейден 14,5 процентке кемітуді жоспарлаған. Бұл — қазіргі қолданыстағы кеніштердегі газ қорының түгесіле бастауымен байланысты болып отыр. Сондай-ақ, потенциалдық инвесторлар газ кенішін иегру және одан өнім өндіруге қызығушылық танытпайды. Өйткені, мұндай өндіріс мол шығынды талап етеді.
Қазіргі жағдаймен облыста көгілдір отын өндіру жұмысымен «Өзенмұнайгаз» ААҚ-мен қатар «Теңге» Бірлескен кәсіпорны мен «Газсервис» ЖШС айналысады. Бұл кәсіпорындар жылына небәрі 100-130 млн. текше метр газ шығарады.
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2003-2005-жылғы индикативтік жоспарға сәйкес 2005-жылдың соңында аймақтағы газ өндіру көлемі 1,1 млрд. текше метрге жетуі тиіс. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 11,9 процентке кем.