"Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның кеніштеріндегі мұнай қабатындағы қысымның азаюы және газ қорының түгесілуі салдарынан газ өндіру көлемі жылына орта есеппен 6 процентке кеміп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның кеніштеріндегі мұнай қабатындағы қысымның азаюы және газ қорының түгесілуі салдарынан газ өндіру көлемі жылына орта есеппен 6 процентке кеміп отыр

"Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның кеніштеріндегі мұнай қабатындағы қысымның азаюы және газ қорының түгесілуі салдарынан газ өндіру көлемі жылына орта есеппен 6 процентке кеміп отыр

Қазір "Өзенмұнайгаз" ААҚ газ өндіру көлемін тұрақтандыру мақсатымен 2001-2003-жылдарға есептелген табиғи көгілдір отын өндіру көлемін тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Осыған байланысты биыл табиғи көгілдір отын өндіру мөлшері тәулігіне 2761 млн. текше метр шамасында тұрақтанады деп межеленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компаниядан хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

2003-жылы «Өзенмұнайгаз» ААҚ газ өндіру көлемін 947 млн. текше метрге дейін немесе 2002-жылғы деңгейден 14,5 процентке кемітуді жоспарлаған. Бұл — қазіргі қолданыстағы кеніштердегі газ қорының түгесіле бастауымен байланысты болып отыр. Сондай-ақ, потенциалдық инвесторлар газ кенішін иегру және одан өнім өндіруге қызығушылық танытпайды. Өйткені, мұндай өндіріс мол шығынды талап етеді.

Қазіргі жағдаймен облыста көгілдір отын өндіру жұмысымен «Өзенмұнайгаз» ААҚ-мен қатар «Теңге» Бірлескен кәсіпорны мен «Газсервис» ЖШС айналысады. Бұл кәсіпорындар жылына небәрі 100-130 млн. текше метр газ шығарады.
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2003-2005-жылғы индикативтік жоспарға сәйкес 2005-жылдың соңында аймақтағы газ өндіру көлемі 1,1 млрд. текше метрге жетуі тиіс. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 11,9 процентке кем.

Соңғы жаңалықтар