«Өзенмұнайгаз» ереуілге байланысты жұмысшыларды балама көліктермен жеткізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгаз» ереуілге байланысты жұмысшыларды балама көліктермен жеткізбекші

«Өзенмұнайгаз» ереуілге байланысты жұмысшыларды балама көліктермен жеткізбекші

«Өзенмұнайгаз»(ӨМГ) көлік қызметінің жұмысшыларының ереуілдеуіне байланысты вахтадағы жұмысшыларды балама көліктермен жеткізуге талпынып жатыр, делінген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) хабарында.

  • 27 Мамыр 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

«ҚМГ БӨ бүгін «Өзенмұнайгаз» ӨФ Жаңаөзенде таңғы аусымның жартылай жұмысқа шықпай қалуы тіркелгендігін хабарлайды. Оның негізгі себебі — ӨМГ көлік қызметінің ереуілдеп жатуынан… ӨМГ басшылығы жұмысшыларды жұмыс орындарына жеткізудің балама жолдарын қарастырып жатыр», — делінген хабарда.

Хабарда сондай-ақ, «арнайы техниканың да жартылай жұмысқа шықпай қалуы тіркеліп отырғандығы, ол өз кезегінде ұңғылардың жер асты түбегейлі жөндеуін тежейтіндігі» атап көрсетіледі. «Келген шығын мөлшері анықталуда және ол компанияның тұрақты жұмысы қашан басталатындығына байланысты», — делінген хабарда.

Компания мәліметтерінше, наразылық акциясына қатысушылар жұмыс берушіге нақты талаптарын қоймады, бірақ стихиялық түрде орын алған митингіде 26-шы мамырда аштық жариялағандарға қолдау білдірді.

Өздеріңіз білетіндей, 26-шы мамырда ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның 10 жұмысшысының аштық жариялап, 250-дей жұмысшының жұмысқа шықпай қалды. Мамыр айының 16-сы мен 24-і аралығында ӨМГ өндірістік құрылымының 22 жұмысшысы аштық өткізуге өтініш берді. Олар алты пунктен тұратын жалақыны төлеу жүйесін өзгертуді, жергілікті атқару және қадағалау орган жүйесіне, сондай-ақ Жаңаөзен соты мен кәсіпорын басшылығына талап қойды.

Құжатта айтылғандай, Жаңаөзен соты өтінішті қарап, 24-ші мамырда шағымда көрсетілген талаптар негізсіз және заңсыз деп танылды. Осы себепті Жаңаөзен әкімшілігі аштық жариялауға рұқсат бермей қойды.

Бұған қарамай, «26-шы мамырда ӨМГ-нің өтініш берген 10 жұмысшысы өздерінің жеке көліктеріне орналасып алып, аштық акциясына кірісті».

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша бірінші үштікке кіреді. «Қазгермұнай» және CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерін есептегенде, компанияның мұнай өндіру көлемі 2010 жылы 16 пайызға артып, 13,2 млн тоннаны құрады. Тәуелді компаниялардағы 2,2 млн баррель үлесті есептегенде, 2009 жылдың соңында ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорының көлемі 234 млн тоннаны (1,7 млрд баррель) құрады.

Соңғы жаңалықтар