«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 538.64
  • 631.56
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар

«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар

Кеше түнгі сағат төрт жарым шамасында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Өзенмұнайгаз» кен орнында 34-ТБ-да (топтық басқару) қиын айырып алынатын мұнай құрылғысы жанды.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жалынды ауыздықтауға «Семсер — Өрт сөндіруші» өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 22 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан кәсіпорынның машинисі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.