"Өзенмұнайгаз" компаниясы Әлемдік банктің несиесіне сатып алған жабдықпен қосымша 130 мың 325 тонна мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" компаниясы Әлемдік банктің несиесіне сатып алған жабдықпен қосымша 130 мың 325 тонна мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" компаниясы Әлемдік банктің несиесіне сатып алған жабдықпен қосымша 130 мың 325 тонна мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" компаниясының өндірістік филиалы "Барлау.Өндіру. "Қазмұнайгаз" АҚ Өзен кенішіндегі 3А блогын сауықтыру үшін Әлемдік банктің несиесіне 1998-жылдан бері 39 арнаулы техника сатып алған, соның көмегімен қосымша 130 мың 325 тонна мұнай өндірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Өзенмұнайгаз" компаниясының өндірістік филиалынан хабарлады.

  • 19 Шiлде 2004
  • 322
Фото - Caravan.kz

Компания ақпаратына сәйкес, күрделі жөндеу нәтижесінде сауықтыру бағдарламасына сәйкес 151 ұңғыда қосымша 61 мың 258 тонна мұнай өндірілді.

Арнаулы техниканың көмегімен 39 ұңғы бұрғыланды. Соның ішінде 29 өнім өндіруші, 10 айдаушы ұңғы бұрғыланған. Нәтижесінде тағы да қосымша 38 мың 367 тонна мұнай шығарылды. 1329 ұңғы ыстық мұнаймен шайылу нәтижесінде қосымша 30 мың 430 тонна мұнай өндірілді.
Сондай-ақ, Әлемдік банктің несиесіне Өзен кенішіндегі 3А блогын сауықтыру бағдарламасына сәйкес сатып алынған жабдықтың көмегімен кенішті игеру жағдайына бақылау жасау үшін 1008 геофизикалық зерттеулер жүргізіліп, 713 ұңғыға тексеру жүргізілді.
Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, Өзен кенішіндегі 3А блогын сауықтыру үшін Әлемдік банк 1998-жылы 109 млн. доллар мөлшерінде 17 жылға несие бөлді. Оның 4 жылы жеңілдікпен беріледі. Негізгі қарызды қайтара бастау мерзімі 2004-жылдың 15-қарашасы, қарызды өтеу мерзімі 2013-жылдың 30-маусымы.

Перейти к новостям спорта